Круглый стол

2013 жылдың 23 қазанда МЕМ «Первомайка Оқу өндірістік комбинаты» проект бойынша Глубоки ауданы, Прапоршиково ауылының орта мектебінде «Өмірді жақсарту үшін, әрбіріне сапалы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» атты Дөңгелек Үстел өткізілді.


Дөңгелек Үстел барысында проектінің атқарылуы жайында ақпараттар, мәселеге байланысты сұрақтар қарастырылды, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты ұсыныстар ұсынылды және кезеңдік мониторинг нәтижесі бойынша қорытынды шығарылды.
Дөңгелек Үстелге 30 адам қатысты: Глубоки ауданының атқарушы билік органының өкілеті, Прапоршиково ауылының және Глубоки ауданының әлеуметтік жұмыскерлері, атқарушы билік мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, Глубоки ауданының Ардагерлер Кеңесі, БАҚ «Огни Прииртышя» газетінің тілшісі Сарсембаева Б.О, сонымен қатар, Глубоки ауданының еңбекпен қамту орталығының бастығы Тусупбаева С.К, Өскемен қаласының еңбекпен қамту орталығының өкілі Нуржакыпова Н.Е, Прапоршиково орта мектебінің директоры Байказаков Н.М және мектеп оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатысты.
Дөңгелек Үстел белсенді әрі қызықты өткізілді, әсіресе мектеп асханасының аспазшыларына дәмді кофе-брэйк әзірлегеніне Дөңгелек Үстелге қатысушыларының атынан алғысымызды айтамыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *